Табиғи апат салдарынан 1 050 адам қаза тапқан.
Ezra Acayan/Getty Images
ERNUR.KZ. Непалдағы алапат су тасқынынан қаза тапқандар саны мыңнан асты, деп жазады ulysmedia.kz.
Кейінгі мәлімет бойынша, табиғи апат салдарынан 1 050 адам қаза тапқан, тағы 4 мыңға жуық адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Із-түзсіз кеткендердің арасында 583 шетел азаматы бар.
11 мыңнан астам адам құтқарылды. Іздеу-құтқару жұмыстарына Непал, Қытай және Үндістан мамандары жұмылдырылды. Оңтүстік Корея да апат болған аймаққа 44 адамнан тұратын жедел әрекет ету тобын жібермек.
Қытай ДНҚ сараптамасын жүргізетін мамандар мен қосымша гуманитарлық көмек жіберуге дайындалып жатыр. Оның ішінде дрондар мен су тазарту жабдықтары бар.
Непал премьер-министрі Балендра Шах бұл жағдай климаттың өзгеруі аясында Гималай аймағына төнетін қауіптің күшейіп келе жатқанын көрсететінін айтты.
Контекст
Еске салайық, табиғи апат 26 тамызда мұздықтың опырылуынан кейін басталған. Мұз, тас пен лайдан тұратын алып ағын Непалдың Қытаймен шекаралас аймағындағы елді мекендер мен аңғарларды басып өткен.
БҰҰ Даму бағдарламасының алдын ала бағалауынша, апаттан кейін шамамен 2,2 млн тонна үйінді қалған.
Құтқарушылар ең көп зардап шеккен аудандарда тікұшақтар, экскаваторлар және басқа да ауыр техниканың көмегімен жұмыстарын жалғастырып жатыр.


