Аймақтағы радикалды топтардың балаларды жаппай ұрлау әрекеті желтоқсан айынан бері оныншы рет ұйымдастырылып отыр.
ERNUR.KZ. Нигерияның Кадуна штатында қарулы топ мектепке шабуыл жасап, 150 оқушы жоғалды, деп хабарлайды Хабар24.
Белгілі болғандай, қаскөйлер білім мекемесіне баса көктеп кіріп, жан жағына бей-берекет оқ жаудыра бастаған. Кейін жақын жердегі жатақханадан оқушыларды тұтқындап, белгісіз жерге алып кеткен. Тәртіп сақшыларының құтқару операциясынан кейін 26 адам аман қалды. Оның ішінде 1 мұғалім бар. Мектепте шамамен 180 бала білім алатын.
Айта кетейік, аймақтағы радикалды топтардың балаларды жаппай ұрлау әрекеті желтоқсан айынан бері оныншы рет ұйымдастырылып отыр. Сол кезден бері шамамен 1 мыңнан астам бала қылмыстық топтың зардабын тартты. Мұндай қадамға барған радикалдар балаларды босату үшін әдетте ақша талап етеді.