​Нұрсұлтан Назарбаевтан Қазанға мүгедектер арбасымен келуін сұрайды

0
3 261

Қазақстан президентіне ашық хат жазғандар, егер Нұрсұлтан Назарбаев Қазанға келіп, өзінің атындағы көшеге барса, Татарстан билігі тез арада бұл көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізер еді деп үміттенеді.


​Нұрсұлтан Назарбаевтан Қазанға мүгедектер арбасымен келуін сұрайды

ERNUR.KZ. "Кедергісіз қала" бастамашыл тобының қазандық үйлестірушілері Қазақстан президентіне ашық хат жолдаған. Бұл жөнінде "Idel.Реалии" сайты хабарлайды.

Олар Қазақстан президентін Қазанға шақырып, өзінің құрметіне аталған көшеге арба-орындықпен барып, мүгедектердің жүруіне қаншалықты жағдай жасалғанын тексеруді сұрады.

"Кедергісіз қала" үйлестірушілері Александр Калашников пен Искандер Ясавеев "Idel.Реалии" тілшісімен бірге Нұрсұлтан Назарбаев көшесімен жаяу жүріп, жолдардың арбаға таңылған жандар үшін өте қолайсыз екеніне тағы көз жеткізді. Бұл көшеге таяуда ғана Қазақстанның сыйлығы — "Тайқазан" композициясының мүсіні қойылған. "Тайқазан" Татарстан мен Қазақстан халқының достығының белгісі деп атап өтілген.

Қазақстан президентіне ашық хат жазғандар, егер Нұрсұлтан Назарбаев Қазанға келіп, өзінің атындағы көшеге барса, Татарстан билігі тезарада бұл көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізер еді деп үміттенеді.

Бұл көше 2015 жылға дейін Эсперанто деп аталған. Сол жылы жазда, жергілікті тұрғындардың қарсылығына қарамастан, көше атын Нұрсұлтан Назарбаев деп өзгерткен. Татарстан президенті Рустам Минниханов мұны Назарбаевқа жасалған "сыйлық" деп атады.


Дереккөз: centralasian.org/a