Оңтүстік Корея түсік жасатуға 60 жылдан соң рұқсат берді

0
1 251

Әйелдерге түсік жасатқаны үшін айыппұл төлетеді​


Оңтүстік Корея түсік жасатуға 60 жылдан соң рұқсат берді

ERNUR.KZ. Оңтүстік Кореяның конституциялық соты түсік жасатуға тыйым салуды қылмыс деп таныды, деп жазады Stan.kz.

Сот төрешілерінің айтуынша, эмбрион анасына тәуелді. Сондықтан оған жеке құқығы бар тұлға ретінде қарай алмайтындарын айтты.

Түсік жасауға тыйым салынып тасталғаны туралы заңды билік өкілдері 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін реттеуі керек. Ал, 20 аптадан жоғары жүктілік кезінде түсік жасатуға әлі де тыйым салынады.

Оңтүстік Кореяда әйелдерге түсік жасатқаны үшін айыппұл төлетеді. Оларды бір жылға дейін түрмеге қамап, 2 мың доллар ақша төлеуге мәжбүрлейді. Әйелдерге түсік жасауға көмектескен медицина қызметкерлері де түрмеге тоғытылады.

Оңтүстік Кореяда сауалнамаға қатысқан халықтың үштен бірі түсікке тыйым салу заңын құп көрмеді. Сауалнамаға 15 пен 44 жас аралығындағы тұрғын қатысты. Олардың 20%-ы заңсыз болғанына қарамастан түсік жасатқанын мойындады.