Оңтүстік Кореяда балшық фестивалі өтіп жатыр

0
1 514

қызықты фестивальде балшықта күрес, жүгіру, би жарысы сынды түрлі сайыстар өткізіледі.


Оңтүстік Кореяда балшық фестивалі өтіп жатыр

ERNUR.KZ. Оңтүстік Кореяның Порён қаласында дәстүрлі балшық фестивалі өтіп жатыр. Осымен 22-ші мәрте ұйымдастырылып отырған шараға әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған адам қатысып жатыр, деп жазады 24.kz.

Фестиваль осы өңірдегі туризмді дамытып, балшықты саяжай мекендерін насихаттауға бағытталған. Осы мақсатта қызықты фестивальде балшықта күрес, жүгіру, би жарысы сынды түрлі сайыстар өткізіледі. Жалпы биыл жергілікті билік 55 ойын-сауық шарасын өткізуді жоспарлаған. Фестиваль шілденің 28-іне дейін жалғасады.

"Мен фестивальге достарыммен бірге келдім. Қазір мұнда күн ыстық. Бірақ балшықты бассейндерге шомылып, салқындап рахаттанып қалдық. Бір жағынан ем алдым деп ойлаймын. Себебі балшықтың теріге пайдалы екені белгілі", - дейді Пак Хё Гён есімді жергілікті тұрғын.