Оңтүстік Кореяда Samsung зауыты жабылды: Қызметкер коронавирус жұқтырған

0
770

Бүгінде Оңтүстік Корея ауруды жұқтырғандар саны бойынша Қытайдан кейінгі екінші ел болып саналуда.


Оңтүстік Кореяда Samsung зауыты жабылды: Қызметкер коронавирус жұқтырған

ERNUR.KZ. Оңтүстік Кореяда қызметкерлерінің бірінде коронавирус анықталуына байланысты Samsung Electronics компаниясы смартфон өндіру бойынша зауытын уақытша жапты, деп жазады kaz.nur.kz.

"22 ақпанда Gumi Complex кәсіпорнында жұмыс істейтін Samsung Electronics қызметкерінде COVID-19 коронавирусы анықталды", – деп хабар таратты CNN телеарнасы компанияның мәлімдемесіне сүйене отырып.

Белгілі болғандай, қатерлі дерт Куми қаласындағы зауытта жұмыс жасайтын 28 жастағы қыздан анықталған. Болжам бойынша, ол аудуды 9 және 16 ақпанда "Синчхончжи" шіркеуінде болған жігітінен жұқтырған.

Коронавирус жұқтырған қызбен байланысқа түскен кәсіпорынның барлық қызметкерлері тест тапсырып, тексеруден өтті. Олар уақытша карантинге жатқызылған.

Бүгінде Оңтүстік Корея ауруды жұқтырғандар саны бойынша Қытайдан кейінгі екінші ел болып саналуда. Соңғы деректерге сәйкес, бұл жерде коронавирус жұқтырғандар саны 763 адамға жеткен, жетеуі қаза болды.

Белгілі болғандай, аудуды жұқтырғандардың басым бөлігі – "Синчхонджи" діни сектасының өкілдері. Осыған орай жергілікті тұрғындар оны жабуды талап етуде.