Бұның алдында, 14 қыркүйекте, Өзбекстан Ауғанстанға 1300 тонна гуманитарлық көмек берген.
ERNUR.KZ. 23 желтоқсанда Өзбекстан үкіметі Ауғанстанға гуманитарлық көмегінің тағы бір партиясын жолдады, деп жазады centralasian.org.
"Азық-түлік, киім-кешек және көмір тиелген 63 вагоны бар тағы бір пойыз Термездегі Айритом шекара бекеті арқылы Ауғанстанның Мазари-Шариф қаласына жөнелтілді", - делінген Сұрқандария облысының әкімдігі таратқан мәлімдемеде.
Бұның алдында, 14 қыркүйекте, Өзбекстан Ауғанстанға 1300 тонна гуманитарлық көмек берген. Онда да азық-түлік, дәрі-дәрмек және киім-кешек болды.
15 желтоқсанда БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасы екі жүк көлігіне тиелген алғашқы көмекті Термез арқылы Ауғанстанның Мазари-Шариф қаласына жөнелткенін хабарлаған.
Қазан айының ортасында БҰҰ Ауғанстанға арналған гуманитарлық көмегін Өзбекстан арқылы жолдайтыны мәлім болды.