Өзбекстан ЕАЭО нарығын тоқыма өнімдерімен жаулап алуды көздеп отыр

0
2 676

Тоқыма өндірісі – Өзбекстан экономикасының дамуына зор ықпал ететін бірден бір сала.


Өзбекстан ЕАЭО нарығын тоқыма өнімдерімен жаулап алуды көздеп отыр

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. ЕАЭО-ға мүшелік Өзбекстанның тоқыма өндірісін көш ілгерілетеді. Осы елдегі Экономикалық зерттеулер орталығы осындай болжам жасап отыр, деп жазады 24.kz.

Бүгінде Одақ елдері өндіріп жүрген тоқыма бұйымдары 184 млн халқы бар үлкен нарықтың сұранысын толықтай жабуға қауқарсыз. Импорт көлемінің артуы да сондықтан.

Мәселен интеграциялық бірлестікке мүше мемлекеттер 2019 жылы үшінші елдерден 13 млрд доллардың өнімін импорттаған екен. Өзбекстанның мұндағы үлесі небәрі 6 жарым процент. Іргедегі көршілер Одаққа мүше болса, бұл көрсеткіш әлдеқайда еселей түседі, дейді мамандар.

Өйткені кедендік баж салығы төмендейді. Сәйкесінше көлік шығыны азайып, ішкі нарықта бәсеке күшейе түспек. Бұдан бөлек өзбек кәсіпкерлері ЕАЭО-ның мемлекеттік сатып алуларына қатысуға мүмкіндік алып, бизнесмендер үшін жаңа нарыққа жол ашылады.

"Тоқыма өндірісі – Өзбекстан экономикасының дамуына зор ықпал ететін бірден бір сала. Егер біздің мемлекет ЕАЭО-ға кірсе, онда біз декларацияны толтырмай-ақ, тауарларымызды Ресей, Қазақстан секілді елдерге емін-еркін жөнелте аламыз. Демек, біздің импорттаушы серіктестеріміз өнімді қосымша баж салығынсыз сатып ала алады" - дейді тігін фабрикасының экспорт бөлімінің басшысы Кудрат Рахимов.