"Кселл" АҚ басқарма төрағасы Асқар Жамбакин компанияның тарифтерді қайта қарау мәселесін қарастырып жатқанын жеткізді.
Фото: ЖИ
ERNUR.KZ. Ұялы байланыс операторлары инфляция мен шығындардың артуына байланысты келесі жылы тарифтерді орта есеппен 10 пайызға көтеруі мүмкін. Бұл туралы компания өкілдері мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.
"КаР-Тел" ЖШС бас атқарушы директоры Джаббор Каюмовтың сөзінше, тарифтерді инфляция деңгейінде түзету жоспарланып отыр. Бұл өзгерістер барлық абонентке бір мезетте емес, кезең-кезеңімен енгізілетіні айтылды.
"Beeline-да бұл орта есеппен 10% шамасында болады деп болжанады", – деді Джаббор Каюмов Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.
"Кселл" АҚ басқарма төрағасы Асқар Жамбакин компанияның тарифтерді қайта қарау мәселесін қарастырып жатқанын жеткізді.
"Өсім орта есеппен 10-12% шегінде болуы мүмкін", – деді ол.
Ал "Мобайл Телеком – Сервис" ЖШС басқарма төрағасы Александр Бабичев өзгерістердің жекелеген тарифтік жоспарларға ғана қатысты болатынын атап өтті.
"Жекелеген тарифтер бойынша бізде келесі жылы тарифтік жоспарға байланысты шамамен 10% деңгейінде, 15%-дан аспайтын мөлшерде түзетулер күтіледі", – деді спикер.


