«Қазақстаннан соққан жел шаңдатып жатыр»: Өзгидромет Ташкенттегі шаң-тозаңға қатысты мәлімдеме жасады

0
204

Ташкентте ауа сапасы нашарлаған.


«Қазақстаннан соққан жел шаңдатып жатыр»: Өзгидромет Ташкенттегі шаң-тозаңға қатысты мәлімдеме жасады

Фотоколлаж: ЖИ арқылы жасалған, Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

ERNUR.KZ. Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік гидрометеорологиялық қызметі (Узгидромет) Ташкенттегі шаң-тозаңның себебі Қазақстаннан соққан жел екенін мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бүгін Threads желісінің өзбекстандық аудиториясында бұл хабарландыру қызу талқыланып жатыр. Олардың арасында әзіл-шыны аралас пікірлер көп байқалады.

«Бұл импортты жел болды ғой...», «Қазақстаннан шаң экспорттап жатырмыз ба?», «Ташкенттегі шаңның себебі жел екен, ал басқа қалалардағы ауа сапасының нашарлығы неден?» деп жазған желі қолданушылары.

Кейін Өзгидромет бұл жазбасын өшіріп тастаған.

Бірқатар өзбекстандық БАҚ Өзгидрометке сілтеме жасай отырып, 17-21 қарашасы кезінде Ташкентте ауа сапасы нашарлағанын хабарлаған.