​Өзбекстанда әскери қызметшілердің казино ойнауына тыйым салынды

0
152

Аталған заң 2025 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енеді.


​Өзбекстанда әскери қызметшілердің казино ойнауына тыйым салынды

Фото: Максат Шағырбаев/ Kazinform

ERNUR.KZ. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қарулы күштер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жауынгерлік әзірлігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған заңға қол қойды, деп жазады inform.kz.
Құжатқа сай, әскери қызметшілерге және құқық қорғау органдарының мамандарына кәсіпкерлікпен айналысуға, әлдекімнің мүддесіне қызмет етіп, ол үшін сыйақы немесе сыйлық алуына тыйым салынады.
Сонымен қатар, олардың құмар ойын ойнауына, шетел азаматтығын және уақытша тұру ықтиярхатын алу үшін өтініш беруіне шектеу қойылады.
Аталған заң 2025 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Еске салайық, биыл 16 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілердің міндеттері мен олардың бағынуы тиіс тәртіптеріне өзгеріс енгізді. Оған сәйкес, қазақстандық әскерилердің құмар ойын ойнауына тыйым салынды.