Өзбекстанда күн 47 градусқа дейін ысиды

0
751

17-22 шілде аралығында Өзбекстан аумағына Түрікменстан арқылы Иран аймақтарынан ыстық ауа шығарылады.


Өзбекстанда күн 47 градусқа дейін ысиды

ERNUR.KZ. Өзбекстанның гидрометеорологиялық қызмет орталығы ауа температурасының 47 градусқа дейін көтерілетіні туралы шұғыл ақпарат таратты, деп жазады ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, 17-22 шілде аралығында Өзбекстан аумағына Түрікменстан арқылы Иран аймақтарынан ыстық ауа шығарылады.

«Осыған байланысты күндізгі ауа температурасы:

- Қарақалпақстан Республикасы, Хорезм, Бұхар, Навои, Қашқадария, Сурхандария облыстарында 44-47 градусқа дейін;

- Ташкент, Самарқан, Жизақ, Сырдария облыстарында 42-45 градусқа дейін;

- Ферғана алқабының облыстары бойынша 41-43 градусқа дейін көтеріледі», - деп хабарлады Өзгидромет.

Ведомствоның хабарлауынша, республика бойынша кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Жекелеген аудандарда екпіні 22-25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.