Өзбекстанда күн күрт суып, газ тапшылығы туындады

0
128

Көршілес елде 40 млрд текше метрге жуық газ өндірілген, бұл былтырмен салыстырғанда 5 %-ға аз.


Өзбекстанда күн күрт суып, газ тапшылығы туындады

Фото: gazeta.uz

ERNUR.KZ. Өзбекстанда ауа райының суытуына байланысты газ тапшылығы туындады, деп жазады inbusiness.kz.

Қыс басталғалы сұйытылған газ құю стансаларының жұмысына да уақытша шектеу енгізілді. Табиғи газдың қысымы төмендеп кеткендіктен, бірінші кезекте тұрғын үйлер мен бюджеттік нысандарды көгілдір отынмен қамтуға басымдық берілген.

Ел билігі биыл жаңа кен орындарын игеру арқылы газ өндірісін тұрақтандыруды жоспарлап отыр. Ал әзірге көгілдір отынсыз қалған кей аумақтарда электр энергиясына жеңілдікті тарифтер енгізу көзделген.

– Біздің алдымызда жылыту маусымын қиындықсыз өткізу міндеті тұр. Газ желілеріне қосылмаған үйлерге ай сайынғы тұтыну көлеміне қарай жеңілдіктер ұсынылады. Бұл – қуатты тиімді пайдалану, нысандарды электрлендіру процесін жеделдету мақсатында әзірленген жоба, – деп мәлімдеді Өзбекстанның энергетика министрі Джурабек Мирзамахмудов.