Өсімдік майы Өзбекстанға негізінен Ресей мен Украинадан және Қазақстаннан жеткізілетін.
ERNUR.KZ. Өзбекстанда 1 маусымнан бастап күнбағыс, мақта және өзге де өсімдік майларын экспорттауға тыйым салынды, деп жазады ulysmedia.kz.
Тиісті бұйрыққа Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев қол қойған.
Қаржы министрінің орынбасары Дилшод Султановтың сөзінше, қазір әрбір мемлекет ішкі азық-түлік қауіпсіздігін ойластырып жатыр.
"Қазір барлық әлемде ішкі қауіпсіздікті бірінші қамтамасыз ету тенденциясы жүріп жатыр. Тіптен жақында ең ірі экспорттаушы Үндістанның өзі қантты сыртқа сатуға тыйым салды", - деді ол.
Айта кетейік, наурыз айында Ресей өсімдік майын экспорттауға шектеу енгізген. Өсімдік майы Өзбекстанға негізінен Ресей мен Украинадан және Қазақстаннан жеткізілетін.