Өзбекстанда жібек жіп қосылған банкноттар шығарылады

0
620

​Өзбекстан әлемде алғаш болып банкноттар мен бағалы қағаздарға табиғи жібек талшықтарын қосып шығару технологиясын жасап шығарды.


Өзбекстанда жібек жіп қосылған банкноттар шығарылады

ERNUR.KZ. Мұндай қағаздардың қорғаныс қабілеті жоғары болады, деп жазады ҚазАқпарат.

Өзбекстан Орталық банкі баспасөз қызметінің мәліметінше, әділет министрлігі табиғи жібек талшықтары қосылған қорғалған қағазды жасау бойынша өнертабысқа патент берді.

Өнертабыс «Давлат белгиси» мемлекеттік унитарлық кәсіпорнының, «Өзбекипаксаноат» бірлестігінің және Ташкент тоқыма және жеңіл өнеркәсіп институтының мамандарына тиесілі.

Бұл жаңашылдық бағалы қағазды басқа қағаз түрлерінен ажыратуға мүмкіндік береді. Себебі оның қорғаныс элементтерінің құрамына табиғи жібек талшықтары қосылады.

«Өндіріс процесінде табиғи жібек талшықтары қағаз массасына қосылады, содан кейін оны флуоресцентті ерітіндімен қанықтырады. Ультракүлгін сәулелермен жарықтандырылған кезде жібек ақуызы күшейтілген қара түске ие болады, осылайша қағазды жасанды қағаздардан айыруға болады. Қағазға бірдей қалыңдықтағы табиғи жібекті қосқан кезде оның беріктігі бірнеше есе артады», - деп хабарлады Орталық банктан.

Жаңа технология банкноттар, қорғалған құжаттар мен қағаздар өндірісінде әлемдік көшбасшы болып саналатын халықаралық компаниялардың үлкен қызығушылығын тудырды.