Өзбекстанда көрші Қазақстандағы оқиғалар жайында жазып жатқан журналистер мен блогерлер құқық қорғау органдарына шақырылған.
ERNUR.KZ. Олардан “бұл тақырыпта аз жазуды", "видеолар тараптауды" және "митингтерге шақырмауды" талап еткен, деп жазады centralasian.org.
Аты-жөнін көрсетпеуді сұраған блогерлердің бірі тыйым Өзбекстанның мемлекеттік қауіпсіздік қызметінен түсіп жатқанын жеткізді.
"Мен өз каналыма Қазақстандағы оқиға бойынша 2-3 видеоролик жайғастырғам. Кейін маған ақпарат және байланыс агенттігінен хабарласып, видеоларды өшіруді сұрады", - деді өзбекстандық блогер.
Тағы бірқатар белсенділер Қазақстандағы оқиғалар жөнінде жазылған посттар үшін анонимді профилдерден қорқытып жатқанын хабарлады.
"Өзбектер қашан оянады?!" деген тақырыпта пост жазған белсенділер ішкі істер органдарына шақырылған.
"Бұл пост үшін маған "Мұндай қорқынышты нәрсе жазбаңыз, қазақтар жайында жазбаңыз, байқап жүріңіз" деп айтты. Одан кейін тілхат жаздырып алды. Мен Қазақстандағы оқиғалар жайында жазбау жайында уәде бердім", - деді блогердің бірі.
Өзбекстанның мемлекеттік ақпарат құралдары Қазақстандағы оқиғалар жөнінде тек шектеулі мәлімет беріп жатыр.