Өзбекстандық жасөспірім Ташкентті 250 миллиард долларға "сатпақ болған

0
840

Ол осы мақсатта Оlx сауда платформасына Ташкент қаласын сату туралы хабарландыру салған.


Өзбекстандық жасөспірім Ташкентті 250 миллиард долларға

ERNUR.KZ. Өзбекстанда 15 жастағы жасөспірім ел астанасы Ташкентті 250 миллиард долларға сатпақ болған. Ол осы мақсатта Оlx сауда платформасына Ташкент қаласын сату туралы хабарландыру салған, деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл хабарландыру әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырды.

Жоғарыдағы хабарландыруды жариялаған 8-сынып оқушысы әзілдегенін және мұндай пікірталас тудыратынын ойламағанын айтты. Аккаунт Мирзо-Ұлықбек ауданының тұратын әкесіне тиесілі болған.

"Мен бұл жарнаманы әлеуметтік желіден көрдім. Сосын платформаға салып, қалжыңдағым келді. Бұл соншалықты кең таралып, негатив тудырады деп ойламадым. Мен қателестім және бұл ісіме өкінемін", - дейді 15 жастағы жасөспірім.
Ал Olx сауда платформасының бас директоры бірнеше минуттан кейін жарнаманың бұғатталғанын айтты. Ол пайдаланушылардан сенімді ақпаратты платформаға орналастыруды сұрады.
Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде ата-аналарға баласын бақылауға шақырды.