Португалияда авиашоуда екі ұшақ соқтығысты

0
286

Beja AirShow 1-2 маусымда өтті.


Португалияда авиашоуда екі ұшақ соқтығысты

ERNUR.KZ. Португалияның Бежа қаласындағы әуе шоуында маневр жасау кезінде екі ұшақ соқтығысып, ұшқыштың біреуі қаза тапты, екіншісі жарақат алды, деп жазады inform.kz.

Қайтыс болған ұшқыш — Испания азаматы, жарақат алғаны — португалиялық.

Beja AirShow 1-2 маусымда өтті.

«Әуе апаты жан-жақты тексеріледі» деп уәде берді шараны ұйымдастырушылар.

Әлеуметтік желіде әуедегі оқиғаның видеосы тарады.


Кадрдан бір ұшақтың топтан бөлініп шығып, күрт көтеріле бастағанын және соның салдарынан басқа ұшақты барып соққанын көруге болады.

Осыдан кейін әлгі ұшақ жерге құлап, өрт шыққан.

Соққы алған екінші ұшақ тез төмендей бастағанымен жерге аман қонуға мүмкіндік алды.