Президент барлық зейнеткердің кредитін жауып берді

0
1 112

​Ел билігі парламент сайлауы қарсаңында зейнеткерлерге сый жасады, барлығы 200 мыңдай борышкердің кредит бойынша қарызы өтелді.


Президент барлық зейнеткердің кредитін жауып берді

ERNUR.KZ. Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга 2020 жылғы парламент сайлауының қарсаңында жомарттық танытып, елдегі барлық зейнеткердің кредитін кешірді, деп жазады sputniknews.kz.

Президент мерекелік бейнеүндеуінде зейнет жасындағы азаматтардың кредит бойынша қарызы кешірілетінін жариялады.

Жалпы алғанда 200 мыңдай борышкердің кредиті жабылмақ. Олардың дені әжептәуір ірі сома төлеп жүрген.

"Моңғолияның ұлттық қауіпсіздік кеңесі қарыздан құтылуға көмектесу мақсатында барлық зейнеткердің кредитін өтеп беру туралы шешім қабылдағанын қуана хабарлаймын", - деді Баттулга.

Бұл ретте басылым мұндай шешімдерді ұлттық қауіпсіздік кеңесі емес, парламент қабылдайтынын атап өткен.