Президенттің өліміне байланысты Иранда бес күндік аза тұту күні жарияланды

0
499

Ал Ливанда ресми үш күндік аза тұту болады.


Президенттің өліміне байланысты Иранда бес күндік аза тұту күні жарияланды

ERNUR.KZ. Иранда президент Эбрахим Раисидің қазасына байланысты бес күндік аза тұту күнін жариялады, деп жазады stan.kz.

Иранның жоғарғы басшысы Али Хаменеи өз жолдауында президент пен қызметкерлерінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

"Мен құрметті Иран халқына көңіл айта отырып, бес күндік аза тұтуды жариялаймын. Конституцияның 131-бабына сәйкес Мохбер мырза (Иранның вице – президенті Мұхаммед Мохбер) атқарушы биліктің басшысы ретінде заң шығарушы және сот билігінің басшыларымен бірігіп, 50 күн ішінде жаңа президентті сайлау туралы уағдаласуға міндетті", – деді Хаменеи.

Әлеуметтік желіде Пәкістанда да аза тұту күні жарияланғаны жазылды. Ал Ливанда ресми үш күндік аза тұту болады.

Еске салсақ, Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапқаны туралы хабарлаған едік. Жағдайдан соң Тоқаев Иран президентінің қазасына қатысты көңіл айту жеделхатын жолдады.