Президенттің ұлы 25 жылға сотталуы мүмкін

0
862

2018 жылы Хантерге атыс қаруын сатып алу кезінде жалған ақпарат ұсынған деген айып тағылып отыр.


Президенттің ұлы 25 жылға сотталуы мүмкін

ERNUR.KZ. АҚШ президенті Джо Байденнің ұлы Хантер 25 жылға сотталуы мүмкін, деп baq.kz.

СNN таратқан мәліметке сәйкес, 2018 жылы Хантерге атыс қаруын сатып алу кезінде жалған ақпарат ұсынған деген айып тағылып отыр.

Алғаш рет ел тарихында әділет министрлігі билік басындағы президенттің ұлын айыптады.

Айып Хантер Байденнің сотпен кінәні мойындау туралы бастапқы мәмілеге келе алмаған соң шілде айында тағылған. Қойылған кінә 2024 жылы өтетін АҚШ президенттігіне сайлау науқаны қарсаңында Джо Байден үшін күрделі проблемаларға алып келуі мүмкін.

Хантер Байденнің заңға қатысты проблемасы 2018 жыдлы атыс қаруын сатып алуымен байланысты болып отыр. Делавэр штатындағы қару-жарақ дүкенінен револьвер сатып алған соң ол федералдық форманы толтырған кезде есірткіге тәуелділігі жоқ екендігін, тұтынбайтындығын айтып, жалған ақпарат берген. Алайда шын мәнінде ол кокаинге тәуелділікпен күрескен.

Атыс қаруын сатып алу кезінде жалған ақпарат беру федералдық қылмысқа жатады. Кінәсі дәлелденген жағдайда Хантер Байден 25 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.