Рада Украинадағы әскери жағдай мерзімін ұзартты

0
97

Украина депутаты Ярослав Железняк өзінің Telegram каналында әскери жағдайдың 19-рет ұзартылып отырғанын жазды.


Рада Украинадағы әскери жағдай мерзімін ұзартты

ERNUR.KZ. Украина парламенті елдегі әскери жағдай режимінің мерзімін тағы 90 күнге ұзартуға шешім қабылдады. Жоғарғы Рада депутаттарының отырысы YouTube-та тікелей эфирде көрсетілді, деп жазады sputnik.kz.

Украина басшысы Владимир Зеленский дүйсенбі күні Жоғарғы Радаға әскери жағдайды 90 күнге ұзарту туралы заң жобасын ұсынған болатын.
Құжатты 315 депутат қолдады. Украина депутаты Ярослав Железняк өзінің Telegram каналында әскери жағдайдың 19-рет ұзартылып отырғанын жазды.
Украинада әскери жағдай 2022 жылдың 24 ақпанында енгізілді. Келесі күні Зеленский жаппай мобилизациялау туралы жарлыққа қол қойды. Содан бері оның мерзімі ұзартылып келеді.