Associated Press агенттігі АҚШ жағалау күзетіне сілтеме жасап, ұшақ апаты туралы мәлімдеді.
ERNUR.KZ. Беринг Эйр ұшағы бейсенбі күні Аляска үстінде радар экранынан жоғалып кетті. Он адам қаза тапты, деп жазады kaz.inform.kz.
Associated Press агенттігі АҚШ жағалау күзетіне сілтеме жасап, ұшақ апаты туралы мәлімдеді.
Оқиғаның себептері әлі жарияланған жоқ. Уналаклеттен Номе бағытында ұшқан ұшақта тоғыз жолаушы мен ұшқыш болған. Америкалық NBC телекомпаниясы өз кезегінде ұшақтың Номе қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 34 мильде (54,7 км) табылғанын айтты.
Бұған дейін Аляска билігі жоғалған ұшақты іздеп жатқаны жазған болатын.
Айта кетейік, бұл - екі аптадан аз уақыт ішінде АҚШ-тағы үшінші ауыр әуе апаты.