Ресей АҚШ-тың мемлекеттік қарызына миллиард доллар салды

0
2 464

​Бағалы қағаздарды сату арқылы АҚШ үкіметі бюджет тапшылығын және басқа шығындарды жабады. АҚШ-тың мемлекеттік қарызы шамамен 28 триллион долларға жетті.


Ресей АҚШ-тың мемлекеттік қарызына миллиард доллар салды

ERNUR.KZ. Ресейдің Орталық банкі желтоқсанда АҚШ-тың мемлекеттік облигацияларына инвестицияны бірден миллиард долларға арттырды. Алайда соңғы жылдары Мәскеу бұл бағалы қағаздардан жүйелі түрде құтылып келе жатқан болатын. Олардың резервтегі үлесі 1 проценттен сәл асады, деп жазады sputnik.kz.

АҚШ қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, қазіргі уақытта Ресейде 6,011 миллиард долларды құрайтын АҚШ-тың мемлекеттік облигациялары бар: оның ішінде 1,2 миллиарды ұзақ мерзімді және 4,8 миллиарды қысқа мерзімді. Желтоқсанда облигациялар қоры тағы бір миллиард долларға толықты.

Осы бағалы қағаздарды сату арқылы АҚШ үкіметі бюджет тапшылығын және басқа шығындарды жабады. АҚШ-тың мемлекеттік қарызы шамамен 28 триллион долларға жетті. 2010-2013 жылдары ресейлік салымдар 170 миллиардтан асты. Мәскеу ең ірі трежерис ұстаушылардың бірі болды. Бірақ 2014 жылдың сәуірінде Вашингтон санкциялар енгізгеннен кейін олардан құтыла бастады.