РФ мен Украина делегацияларының арасындағы келісөздердің екінші раунды өтті.
ERNUR.KZ. РФ Президентінің көмекшісі Ресей делегациясының басшысы Владимир Мединский Украина тарапымен болған келісссөздердің екінші раундының нәтижесі бойынша гуманитарлық дәліз құру туралы келісім жасалғанын мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.
В.Мединский тараптар келіссөздер барысында 3 түрлі мәселені талқыға салғанын айтты. Олар: әскери, халықаралық-гуманитарлық және болашақта шиеленісті саяси реттеу мәселесі.
Айта кетейік, РФ мен Украина делегацияларының арасындағы келісөздердің екінші раунды өтті. Бірінші раунд Беларусь пен Украина шекарасындағы Гомель облысында өткен болатын.