Апатқа ұшыраған әуе көлігі 49 жыл бұрын қолданысқа берілген.
Фото: one.uz
ERNUR.KZ. Амур облысында апатқа ұшыраған ұшақ бортындағы барлық 49 адам қаза тапты. Амур облысының губернаторы Василий Орловтың мәліметінше, бортта 43 жолаушы, соның ішінде бес бала және алты экипаж мүшесі болған, деп жазады inbusiness.kz.
"Ангара" әуе компаниясының Ан-24 ұшағы Хабаровск – Благовещенск – Тында бағыты бойынша ұшып бара жатқан. Тында әуежайында екінші айналымға кірген кезде апатқа ұшырады.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, ұшақ шамамен 50 жыл бұрын шығарылған. "Ангара" компаниясының бас директоры жаңа техника жетіспеушілігіне байланысты ескі Ан-24 және Ан-26 ұшақтарымен ұшуға рұқсат сұраған.
"Ертеңнен бастап облыста үш күндік қаралы күн жарияланды – аза тұту белгісі ретінде бүкіл Амур облысы мен Хабаровск өлкесінде тулар төмен түсіріледі", – деп жазды Демешин Telegram-арнасында.
Ал, қаза тапқан марқұмдардың отбасылары мен жақындарына 1 млн рубль көмек ретінде берілмек.