Ресейге қарсы қабылданған санкциялар күшіне енді

0
1 179

Химиялық қару қолданды деп тағылған айыпты Ресей мойындамады


Ресейге қарсы қабылданған санкциялар  күшіне енді

фото:24kz

ERNUR.KZ. АҚШ-тың химиялық қару қолданғаны үшін Ресейге қарсы қабылдаған санкциялары күшіне енді, деп жазады 24kz.

Бұл Ұлыбританияда Скрипальдардың улануына байланысты қабылданған шара. Осыдан бірнеше күн бұрын Федералды регистрде осы санкциялардың сипаты жарияланған болатын. Атап айтқанда Ресейдің қару-жарақ саудасына қолдау көрсетуге және осы сауда-саттықты қаржыландыруға, әскери мақсатта қолданылуы мүмкін тауарлар мен технологияларды Ресейге экспорттауға тыйым салынған.

Еске салып кетсек, наурыз айында британдық Солсбери қаласында Сергей Скрипаль мен қызы химиялық қарумен уланған еді. Кезінде ресейлік барлаушы болған Скрипаль кейін Ұлыбритания жағына ауысқан. Оның өміріне жасаған қастандықта Ресей айыпталып отыр. Кремль мұны мойындаған жоқ.