Салмағы 100 келіден асатындарға есекке мінуге тыйым салынды

0
1 552

Жергілікті белсенділер шағымданған соң биліктегілер осындай шешім қабылдады.


Салмағы 100 келіден асатындарға есекке мінуге тыйым салынды

ERNUR.KZ. Грецияның ауылшаруашылығы министрлігі артық салмағы бар туристерге Санторини аралында есекке мініп серуендеуге тыйым салды, деп жазады ria.ru жергілікті Metro басылымына сілтеме жасап.

Аталған аралға келген туристердің салмағы 100 келіден артық болса, ол турист есекке мінбеуі тиіс.

Мұндай шешімді биліктегідер жергілікті белсенділердің шағымдарынан соң қабылдаған. Олардың айтуынша, толық саяхатшылар мінген соң есектің беліне зақым келіп, арқаларында жарақат пайда болады екен.

Сондай-ақ, биліктегілердің шешімімен саяхатшыларға қызмет көрсетуге ұсынылатын жануардың иелеріне ауырып тұрған, қандай да бір жарақаты бар немесе буаз есекті беруге де болмайтындығы ескертілген.