Саудагерлер ұрыны базар қақпасына асып қойды (видео)

0
1 373

Базар саудагерлері жас жігітті ұрлық кезінде ұстап алып, оны жазалаған


Саудагерлер ұрыны базар қақпасына асып қойды (видео)

ERNUR.KZ. Қарақалпақстанның Беруни ауданындағы базарда саудагерлер ұрлықпен ұсталды делінген жігітті жазалады, деп жазады КТК.

Саудагерлер оның қолын байлап, базар қақпасына асып қойған. Бұл оқиға 2 тамызда Қарақалпақстанның Беруни ауданындағы "Шоббоз" базарында болған.


Базар саудагерлері жас жігітті ұрлық кезінде ұстап алып, оны жазалаған. Саудагерлер күдіктінің қолын арқанмен байлап, қақпаға салбыратып іліп қойған, делінген мақалада. Видео интернетте жария болғаннан кейін бірнеше сағаттан соң Өзбекстан ішкі істер министрлігі болған оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Хабарларға қарағанда, жергілікті базарда 1 тамызда У.А. есімді азамат күдіктіні жазалаған. Ол жас жігітті ұрлық жасады деп айыптап, оны өз бетімен жазалаған. Саудагерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Д.Н. есімді азаматқа базарда ұрлық жасады деген күдік тексеріледі, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.