Шереметьевода тағы бір "Суперджет" ұшағының жолаушылары эвакуцияланды

0
953

Әуе кемесінің ішінен күйген сымның иісі шығып тұрған.


Шереметьевода тағы бір

ERNUR.KZ. Бүгін Шереметьево әуежайында тағы бір "Суперджет" ұшағының жолаушылары эвакуациялағаны туралы ақпарат пайда болды деп, жазады kaz.nur.kz.

Анықталғандай, Мәскеу-Рига рейсі кеше сағат 11:00 шамасында ұшып шығуы керек болған. Алайда, рейс орындалмаған.

Оқиғаның себеп-салдарын анықталғанша, жолаушыларды лайнерден қауіпсіз жерге шығару туралы шешім қабылданған.

Еске сала кетейік, бұған дейін бесінші мамыр күні Шереметьево әуежайында Sukhoi Superjet 100-95B ұшағы өртеніп кетті.

Мәскеуден Мурманск қаласына ұшып шығып, қайта оралған 78 жолаушының 41-і қаза тапты.