Шығыс Иерусалимде теракт жасаған лаңкестің ата-анасы ұсталды

0
1 104

7 адам мерт болған.


Шығыс Иерусалимде теракт жасаған лаңкестің ата-анасы ұсталды

ERNUR.KZ. Аталған мәліметтерді Израиль полициясының баспасөз қызметі жариялады, деп жазады inbusiness.kz.

"Иерусалимдегі террористік акт: бүгін кешкісін жергілікті уақыт бойынша сағат 20-30-дар шамасында террорист Иерусалимде Неве-Яаков бульварындағы синагогаға келіп, жақын арадағы адамдарға оқ жаудырған. Полиция бірден оқиға орнына жетіп, террористің орналасқан жерін анықтап, оған қарай оқ атты. Террорист қолға түсті", – делінген полицияның Twitter парақшасындағы хабарламада.
"Еш кінәсі жоқ 7 адам мерт болды, көптеген адам жарақат алды", – делінген хабарламада.

Осыған дейін The Jerusalem Post пен израильдің өзге де басылымдары 8 адамның қаза тапқаны туралы хабарлады.

Полиция болған оқиғаны теракт деп бағалады.