Ол үшін шымтезек 2-3 сағат жоғары температурадағы пеште қыздырылады екен.
ERNUR.KZ. Эстонияның Тартус университетінің ғалымдары оны зерттей келе осындай шешімге келді, деп жазады 24.kz.
Ол үшін шымтезек 2-3 сағат жоғары температурадағы пеште қыздырылады екен. Нәтижесінде натриййондық батареяда қолданылатын көміртек ұнтақ пайда болады.
Бұл литийлі батареядан әлдеқайда арзан дейді мамандар. Бірақ ғалымдар оны қолданудың әдісін әлі зерттеу үстінде. Үкімет технологияны сынақтан өткізу үшін қаржы бөледі деген үмітте.
"Бір тонна шымтезектен 100-200 келі көміртек ұнтақ алуға болады. Бұл үшін оны ыдырату қажет. Ең маңыздысы шымтезектің химиялық құрамы өзге биоматериалдарға қарағанда өзгермейді", - дейді унивесритетінің профессоры Энн Луст Тартус.