​«Шарана шайқау» қандай дәстүр

0
186

Бұл сыйға тартылған дүниелерді жас келін босанғанға дейін міндетті түрде сақтап қоюға тиісті.


​«Шарана шайқау» қандай дәстүр

фото: aqmeshit-aptalygy.kz

Қай халықты алсақ та, оның өзіне тән тұрмыс-тіршілігі, күнкөрісі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі болады. Салт-дәстүр сол халықпен бірге жасасып, оның тарихында өшпес із қалдырады.

Ел өмірімен бірге біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетте салт-дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен, ырым-тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбиелей білген. Кәсіпке, сенімге, тіршілікке байланысты ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырады.

Уақыт өткен сайын, қоғамға да байланысты өзгеріп отырады.

Батыр Бауыржан Момышұлы «Мен өзімнің ұрыстағы тәжірибеммен жауынгерлдік қасиетті тәрбиелеуде ұлттық дәстүрдің маңызы зор екеніне көзім жетті» деп жазады. Бұдан отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, адамгершілік қасиеттердің бәрі салт-дәстүр арқылы даритынын түсінуге болады. Яғни, салт-дәстүр адамды адастырмас тура жолмен жүруге, жөн-жосықты біліп үйренуге және өмірде қолдануға үгіттейтін мызғымас заң істептті десек те қателеспейміз.

Бірақ өкінішке орай, ұмыт болып бара жатқан ұлттық салт-дәстүрлеріміз де жоқ емес екендігі бәрімізге аян. Сол салт-дәстүрлердің бірі және бірегейі бұл- шарана шайқау деп аталады.

Сәби өмірге келмей тұрып орындала бастайтын дәстүрлердің бірі – шарана шайқау. «Шарана шайқау» қандай дәстүр, оны қай кезде шайқайды, «шілде суы» дегеніміз не және ол қандай ауруларға ем болады?» деген сияқты бірнеше сауалдарға жауап іздедік.


ШАРАНА ШАЙҚАУ

Жаңа түскен келін дәстүр бойынша, өзге ауылға қыдырып барар болса немесе есік көруге қонаққа шақырылған жағдайда сол ауылдың бәйбішелер қауымы, үлкен әжелер шарана шайқауыңа қажет болады деп сақина, жүзік, білезік, сырға, моншақ тәрізді нәзік жандарға қатысты бұйымдарды «шарана суына саларсың» деп сыйға тартады. Бұл сыйға тартылған дүниелерді жас келін босанғанға дейін міндетті түрде сақтап қоюға тиісті.

Жас келіншек босанғанда баланы шаранасынан шайқап, жуып тазартады. Шарана суын қазақта шілдесу деп те атайды. Дәстүрге сүйеніп, су қойылған ыдысқа бұрындары үлкендердің берген әшекей заттарын салып пайдаланатын болған. Жаңағы берген сыйлықтарды суға салып, оны баланы шомылдырған әйелдерталаса-тармаса шарана суын шайқап алады. Бұл әшекейлер нәрестені шомылдырған әйелдердің үлесі болып есептеліп, олар өз қалауларынша бөлісіп алады.

Оны қазақ дәстүрінде «шарана шайқау» деп атайды.

Ақжаулықты аналардың келінге берген бұйымдары бала сүю, нәрестелі болу бақыты маңдайыңа жазсын, ертерек шаранаңды шомылдыр деп ырымдап, тілек білдіргендігі болып табылады.


фото: inbusiness.kz

ШАРАНА СУЫның (шілдесу) қандай қасиеттері бар?

Шақалақты шомылдырған алғашқы шарана суы көптеген ауруға: аллергиялық, инфекциялық жаралар мен тері ауруларына дауа. Мәселен, баланың құлағы, қолтығы немесе тамағы ауырып, асты қызарғанда, шілде суымен сүртіп жіберсе, тез қайтады. Қазақ мұны ертеден біліп, судың аузын мықтап жауып, сақтап қоятын болған. Осылайша ертеректе, дәрілік заттарға адамның қолы жете бермейтін уақыттарда шілде суын кәдеге жаратқан.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Қыздың жасауы НЕГЕ ТАҚ САНнан тұруы керек


ҮЙлі болғанда жасалатын МЫНАдай ырымдар бар