Сирек кездесетін ұйқы бұзылысы бар: ер адам қыз зорлағаны үшін жазаланбайтын болды

0
113

Бұл ауру кезінде адам ұйықтап жатып сексуалдық әрекеттер жасайды екен.


Сирек кездесетін ұйқы бұзылысы бар: ер адам қыз зорлағаны үшін жазаланбайтын болды

ERNUR.KZ. Австралияда сексомния атты сирек кездесетін ұйқы бұзылысына шалдыққан ер адам қыззорлау ісі бойынша кінәсіз деп танылды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Сидней тұрғыны 40 жастағы Тимоти Роуленд 2022 жылғы 26 тамызда өзінің үйінде әйелді оның келісімінсіз зорлады деп айыпталған.

Сот материалдарына сәйкес, оқиға алдында Роуленд пен жәбірленуші барда бірге коктейль ішіп, кейін түнгі 01:00 шамасында ер адамның үйіне барған. Үйде алкоголь ішіп, бірге ваннаға түскен, содан кейін әйел ұйықтап қалған.

Таңертең оянғанда, ол өзін зорлап жатқан ер адамды байқап, оны итеріп жіберіп, пәтерден қашып шыққан.

Алайда сот барысында Роулендтің «сексомния» диагнозы бары дәлелденді. Бұл – адамның ұйқы кезінде саналы түрде басқарылмайтын сексуалдық әрекеттер жасауы мүмкін екенін көрсететін сирек кездесетін неврологиялық бұзылыс.

Сот төрешісі жәбірленушінің ренішін түсінетінін, бірақ адам өзінің саналы түрде істемеген әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтынын айтты.