Сириядағы топтар құрамында 30-дан астам қазақстандық бар – Абаев

0
384

Елшінің айтуынша, олардың кейбірі елге оралғысы келмейді.


Сириядағы топтар құрамында 30-дан астам қазақстандық бар – Абаев

ERNUR.KZ. Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев Сирияда түрлі қарулы топтар құрамында 30-дан астам қазақстандық жүргенін мәлімдеді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Елшінің айтуынша, Сириядағы кейбір қазақстандықтар елге оралғысы келмейді. Олар азаматтық алуды жоспарлап, тұрақты тұруға қалуға ниетті.

«Сириядағы жекелеген топтардың құрамында 30-дан астам қазақстандық бар. Көпшілігі елге қайтуға ниет білдірмейді, кейбіреулері Сирия азаматтығын алып, сонда қалғысы келеді. Сонымен қатар, күрд жасақтарының бақылауындағы «Аль-Холь» және «Родж» лагерлерінде 10-нан астам отандасымыз бар. Олар да Қазақстанға оралғысы келмейді», – деді Абаев.

Дәурен Абаев Сириядан елге оралған қазақстандықтардың елдің қауіпсіздігіне қауіп төндірмейтінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл мәселе қазақстандық арнайы қызметтердің бақылауында.