Сиыр ұрлағандар мен телебағдарлама көргендер өлім жазасына кесіледі

0
1 161

Солтүстік Кореяда өлім жазасына кесетін 318 полигон табылды.


Сиыр ұрлағандар мен телебағдарлама көргендер өлім жазасына кесіледі

ERNUR.KZ. Солтүстік Кореяда режимге бағынбайтын немесе заңды бұзғандарды халық алдында өлім жазасына кесетін 318 полигон табылды, деп жазады «Хабар 24».

Бұл туралы оңтүстіккореялық үкіметтік емес ұйым мәлімдеді. Құқық қорғау ұйымының мамандары соңғы төрт жылда Солтүстік Кореядан қашып шыққан 610 қашқынмен әңгімелескен. Құжатқа сай халық алдындағы өлім жазасына көбінесе сиыр ұрлағандар мен оңтүстіккореялық телебағдарламаларды көргендер тартылады. Өлім жазасы үкімін орындау өзен жағалауларында, базар маңында немесе мектеп пен стадиондарда өтеді. Ұйымның есебіне сәйкес, оны көруге мыңдаған адам жиналатын көрінеді. Ал қылмыскерлердің туыстары мен балаларын тіпті келіп көруге мәжбүрлейді екен.

- Өлім жазасын тағайындаудың екі басты мақсаты бар. Оның бірі – халыққа саяси ұстанымдарды еске салу. Екіншісі – қарапайым тұрғындарды қорқынышта ұстау. Сондай-ақ өлім жазасына сиыр немесе ұлттық тағамдарды ұрлағаны үшін, мүлікті зақымдағаны үшін кесіледі екен. Елден қашып шыққан азаматтардың айтуынша, оларды кемінде екі-үш мәрте өлім жазасын көруге мәжбүрлеген, - дейді үкіметтік емес ұйымның мүшесі Сара Сон.