Күдікті науқас қазір карантинде жатыр.
ERNUR.KZ. Корея Халық Демократиялық Деспубликасының Оңтүстік Кореямен шекарасында орналасқан Кэсон қаласында алғаш рет коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелді, деп жазады Skifnews.kz.
Инфекцияны 19 шілдеде Корея Республикасынан оралған «қашқын» алып келді деген күдік бар. CCTV арнасының мәліметінше, пациенттің тыныс алу жолдары мен қан талдауын тексерген соң мамандар оны коронавирус болуы мүмкін деген болжам жасаған.
Корея орталық телеграф агенттігінің ақпаратына сәйкес, кеше Корея Еңбек партиясы орталық комитеті саяси бюросының кеңейтілген мәжілісінде ҚХДР көшбасшысы Ким Чен Ын аталған аймақта төтенше жағдай режимін жариялаған. Мемлекеттің эпидемияға қарсы күрес жүйесі дайындыққа көшті.
24 шілде күні Кэсон қаласында локдаун режимі енгізіліп, оның аудандары оқшауланды.
Күдікті науқас қазір карантинде жатыр. Онымен байланыста болған барлық адамдар және таяуда Кэсонға барған тұрғындар анықталып, есепке алынып жатыр.