"Спутник V" вакцинасының үнді штамына қарсы тиімділігі 2,6 есе төмен

0
392

​Сонымен қатар басқа вакциналардың дельта штамына қарсы тиімділігі одан да аз – үштен бес есеге дейін төмендейді.


ERNUR.KZ. COVID-19 індетіне қарсы вакциналардың үнді штамына қарсы тиімділігі төмен, деп жазады sputnik.kz.

"Біз штамдарға, атап айтқанда, үндістандық "дельтаға" келгенде сарысулар белсенділігінің аздап төмендегенін көріп отырмыз – бұл "Спутник V" вакцинасы үшін шамамен 2,6 есе", - деді Логунов сейсенбідегі баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, шетелдік басылымдардың хабарлауынша, Pfizer және Moderna вакциналарының тиімділігі 3-тен 5 есеге дейін төмендеген.

Сонымен қатар Логунов аталған көрсеткіштің 2,6 есеге артқанына қарамастан, вакцина үнді штамынан қорғайтынын баса айтты.

"Тағы қайталап айтамын, 2,6 есе көрсеткіш әлемдегі басқа вакциналарға қарағанда әлдеқайда төмен", - деп толықтырды Логунов.

Бұған дейін Гинцбург егер қолданыстағы препараттар COVID-19 індетінің жаңа штамдарына қарсы жеткілікті мөлшерде антидене түзе алмаса, Гамалея орталығы бір апта ішінде вакцинаның жаңа түрлерін жасай алады деп мәлімдеді.

Орталық басшысы сондай-ақ коронавирусқа қарсы вакциналау жаңа үнді штамымен күресуге көмектесетінін хабарлады.