Суши жеген зейнеткер қолына ота жасатуға мәжбүр болды

0
1 938

Дәрігерлер зейнеткердің қолын кесуге мәжбүр болған


Суши жеген зейнеткер қолына ота жасатуға мәжбүр болды

ERNUR.KZ. Дәрігерлер сушиден уланған ер адамның қолына ампутация жасауға мәжбүр болған, деп жазады ktk.kz.

Суши ресторанына барған 71 жастағы зейнеткер жарты күн өткен соң қолы ісіп кеткенін байқаған. Артынша ол ауруханаға барып, тексерілген. Бұл шикі балықта кездесетін Vibrio Vulnificus бактерияларының ағзаға еніп кетуі салдарынан болған.

Дәрігерлер қарттың ісіп кеткен қолына дренаж жасап, залалданған ұлпаларды алып тастайды, кейін антибиотик дәрілер жазып береді. Алайда, уланудың 25-ші күні ол өзін жайсыз сезініп қайта ауруханаға барғанда, дәрігерлер жағдайдың ушығып кеткенін байқады.

Нәтижесінде некрозға тап болған азаматтың қолын кесіп тастаудан басқа амал болмаған.