Осыған байланысты синоптиктер Ташкент тұрғындары мен қонақтарына үйден шықпауға, көшеде маска тағып, оны сағат сайын ауыстырып отыру қажет деп кеңес берді.
ERNUR.KZ. Өзбекстан астанасында ұзақ уақыт бойы жауын жаумай, ауа температурасының төмендеуіне байланысты ауаның ластануы белгіленген межеден 10 есе артып кеткен, деп жазады ҚазАқпарат.
Узгидромет мониторингінің деректерін пайдаланатын IQAir порталының мәліметтері бойынша, Ташкент қазіргі таңда ауаның ластану деңгейі бойынша бірінші орында тұр.
17 қазан, сағат 21:00-де ауа дағы РМ2,5 ұсақдисперсті бөлшектерінің көлемі 275 мкг/текше метрді құрады. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен 25 мкг/текше метрлік деңгейден 10 есе жоғары.
Биылғы 17 қазанда Узгидромет суық және ылғалды ауа массалары республиканың барлық өңірлеріне түсетінін хабарлаған болатын.
Ұзақ уақыт жауынның болмауы ауа температурасы инверсиясының салдарынан Ташкентте сағат 18:00-ден 23:00-ге дейін атомосфералық ауа ұсақ шаң бөлшектерінен ластанады. Осыған байланысты синоптиктер Ташкент тұрғындары мен қонақтарына үйден шықпауға, көшеде маска тағып, оны сағат сайын ауыстырып отыру қажет деп кеңес берді.