Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
ERNUR.KZ. Татарстанның Васильево ауылында бес жасар қыз нәрестені көпқабатты үйдің терезесінен лақтырып жіберген оқиға тіркелді. Нәтижесінде бала қаза тапты. Бұл туралы Ресей Тергеу комитеті Telegram-арнасында жариялады, деп жазады baq.kz.
Әлеуметтік желілерде Васильево кентінде бес жасар қыздың нәрестені көпқабатты үйдің терезесінен лақтырып, қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Осы факт бойынша Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 125-бабына ("Қауіпті жағдайда қалдыру") сәйкес қылмыстық іс қозғалды, - делінген ведомство хабарламасында.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Ресей Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин Татарстан бойынша тергеу басқармасының басшысы Валерий Липскийге істің барысы туралы толық есеп беруді тапсырды.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.


