«Таулы Қарабақ Республикасы» жойылады

0
712

Сондай-ақ құжат жарияланған сәттен бастап күшіне енетіні көрсетілген.


«Таулы Қарабақ Республикасы» жойылады

ERNUR.KZ. Мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасының басшысы Самвел Шахраманян Қарабақтың барлық мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарын тарату туралы жарлыққа қол қойды, деп жазады ҚазАқпарат.

Жарлықта шешім шығару кезінде қазіргі күрделі әскери-саяси жағдайға байланысты Арцах халқының физикалық қауіпсіздігі мен өмірлік маңызды мүдделерін қамтамасыз ету басымдығы негізге алынғаны, Ресей бітімгерлік контингенті қолбасшылығының арағайындық етуімен Әзербайжан Республикасы өкілдерімен қол жеткізілген келісім (онда Таулы Қарабақ тұрғындарының, оның ішінде қаруын тастаған әскери қызметшілердің өз мүлкімен және көлігімен Лачин дәлізі бойынша еркін, ерікті және кедергісіз өтуі туралы айтылған) ескерілгені, сондай-ақ Қарабақ Конституциясының 93-бабы басшылыққа алынғаны айтылған.

Жарлық мәтіні:

  1. 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін ведомстволық бағыныстағы барлық мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар таратылсын және Таулы Қарабақ (Арцах) Республикасы өз қызметін тоқтатсын.
  2. Таулы Қарабақ тұрғындары, соның ішінде республикадан тыс жерлердегі тұрғындарға осы Жарлық күшіне енгеннен кейін болашақта Таулы Қарабақта қалу (қайту) мүмкіндігі туралытәуелсіз және жеке шешім қабылдау мақсатында Әзербайжан Республикасы ұсынған реинтеграция шарттарымен таныссын».

Сондай-ақ құжат жарияланған сәттен бастап күшіне енетіні көрсетілген.