Тәжікстанда қазір коронавирус жоқ - Эмомали Рахмон

0
2 303

Президенттің айтуынша, биыл 1 қаңтардан бастап коронавирустың жаңа типі тіркелген жоқ.


Тәжікстанда қазір коронавирус жоқ - Эмомали Рахмон

ERNUR.KZ. Эмомали Рахмон 26 қаңтарда парламентте жасаған үндеуінде "Тәжікстанда қазір коронавирустың жаңа түрімен ауыратындар жоқ" деп мәлімдеді. Мемлекет басшысының бұл мәлімдемесіне тұрғындар күмәнмен қарайды, деп жазады centralasian.org.

Президенттің айтуынша, биыл 1 қаңтардан бастап коронавирустың жаңа типі тіркелген жоқ. Алайда, коронавирус жоқтығы тұрғындар санитария және тазалық ережелерін сақтамаса болады дегенді білдірмейді. Мемлекет басшысы шетелден келушілердің бәрін карантинге орналастыруды тапсырды.

Тәжікстанның денсаулық сақтау министрлігі биыл қаңтар айында үш мәрте ғана коронавирус жұқтырған науқас тіркелгенін хабарлаған. 10 қаңтардан бері вирустың мұндай түрі елде анықталмады дейді министрлік өкілдері.

Тәжікстанда мешіттер 1 ақпанда ашылуы тиіс. Бұның алдында билік азаматтарға тазалық ережелерін сақтауға кеңес беріп, тәртіп орындалмаса, мешіттер қайта жабылатынын ескерткен.