Бірақ министрліктегілер елде жалпыұлттық карантин жариялаудың қажеті жоқ деп есептейді.
ERNUR.KZ. Тәжікстанның денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі коронавирустың "дельта" штаммы елде тіркелгенін растады, деп жазады centralasian.org.
Денсаулық министрінің орынбасары Гафур Мухсинзода Тәжікстанда коронавирустың "дельта" штаммы бар деп мәлімдеді. Ол бұл штаммның көрші елдерде барына сүйенген. Оның айтуынша, сынақ нәтижелері Лондондағы зертханаға жіберілген.
Гафур Мухсинзода 26 шілдеде Душанбеде өткен баспасөз конференциясында коронавирус жұқтырған науқастардың әрбір бесіншісі қатты ауырады деп мәлімдеді.
Оның айтуынша, билік жағдайды аса күрделі емес деп есептейді, сол себепті қосымша карантин енгізілмейді.
Биыл наурызда Үндістанда коронавирустың "Дельта штамм" деп аталған жаңа түрі анықталған. Ол әлемнің кем дегенде 111 еліне тарады.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, пандемия басталғалы елде 14 592 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған, 117 адам қайтыс болған. Дегенмен сарапшылардың дені ресми мәліметке күмән келтіреді.