Тәжікстанның солтүстігінде мақта зауыты өртенді

0
642

Зауыт аумағындағы 400 шаршы метр жер өртенген.


Тәжікстанның солтүстігінде мақта зауыты өртенді

ERNUR.KZ. Тәжікстанның солтүстігінде елдегі ең ірі мақта тазалау зауыттарының бірі өртенді. Куәгерлердің айтуынша, 25 қарашада түнгі сағат 03:00 шамасында Мастчох ауданында орналасқан "Музаффар Ко" мақта зауытында өрт шықты, деп жазады centralasian.org.

Дереккөздің айтуынша, бұл зауыт жергілікті кәсіпкер Салим Мирзоевке тиесілі. Оқиға орнында болған аудан әкімшілігінің өкілі зауытта 1 тоннадан астам мақта өртеніп кеткенін хабарлады.

Зауыттағы өртті сөндіруге жиырма шақты өрт сөндіруші қатысқан. Зауыт аумағындағы 400 шаршы метр жер өртенген.

Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.