ТМҰ-ның бейресми саммитінің қорытындысы бойынша Қарабақ декларациясы қабылданды

0
652


ТМҰ-ның бейресми саммитінің қорытындысы бойынша Қарабақ декларациясы қабылданды

ERNUR.KZ. 2024 жылы 6 шіледе Түрік мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінің қорытындысы бойынша Қарабақ декларациясы қабылданды, деп жазады Zakon.kz.




Құжатқа Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев және Түркия вице-президенті Джевдет Йылмаз қол қойды.

Әзербайжан Президенті мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының қатысуымен қол қойылған Қарабақ декларациясы тарихи сипатқа ие екенін және әртүрлі салалардағы ынтымақтастықты дамытуға елеулі серпін беретінін айтты