Бұған дейін Токио Олимпиадасы коронавирусқа байланысты жыл соңына шегерілуі мүмкін екені жазылған.
ERNUR.KZ. Токио Олимпиадасы коронавирусқа байланысты бір немесе екі жылдан кейін өтуі мүмкін. Бұл туралы жапониялық ұйымдастыру комитетінің мүшесі Харуюки Такахашиге сілтеме жасап Wall Street Journal мәлімдеді, деп жазады тengrinews.kz.
"Жазғы ойындарды өткізбей қоймай, уақытын шегеретін шығар. Олимпиада өтпейтін болса, ХОК қиын жағдайда қалады", - деді Такахаши.
Комитет мүшесінің айтуынша, Олимпиаданы келесі жылы өткізу қиын болады, себебі ол кезге маңызды спорт сайыстары жоспарланып қойған. Сондықтан ол Жазғы ойындарды екі жылдан кейін өткізген дұрыс деп санайтынын айтты.
Еске салайық, Токио Олимпиадасы 24 шілде мен 9 тамыз арасында өтеді деп жоспарланған. Ойындарды ұйымдастыру комитеті жағдайды бақылап отыратын арнайы жұмыс тобын құратынын мәлімдеген болатын. Бұған дейін Токио Олимпиадасы коронавирусқа байланысты жыл соңына шегерілуі мүмкін екені жазылған.