Трамп әйелі Мелани екеуі осы қанды қырғыннан көз жұмғандар үшін дұға тілейтінін жазған.
ERNUR.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тағы бүкіл федеральдық ғимараттарда ілініп тұрған туды түсіріп, оны үш күнге, яғни 8 тамызға дейін көтермеуді бұйырды, деп жазады Zakon.kz.
АҚШ президенті бұл туралы Twitteг-дегі парақшасында жазды.
"Мен бүгін Техастағы Эль-Пасо қаласы мен Огайоның Дейтон қаласындағы қанды қырғын құрбандарының құрметіне бүкіл федеральдық ғимараттардағы туды төменге түсіруді бұйырдым. Ақ үйдің туы 8 тамызға дейін түсіп тұратын болады. Біз Мелани екеуміз осы қанды қырғыннан көз жұмғандар үшін дұға тілейтін боламыз", деп жазды ол.
Айта кетсек, Техастағы Эль-Пасо қаласы мен Огайоның Дейтон қаласындағы қанды қырғынның салдарынан 30 адам қаза тапты.