​Трамп Сириядан АҚШ әскерін шығару туралы жарлыққа қол қойды - БАҚ

0
1 090

Бұл туралы АҚШ Қорғаныс министрлігі хабарлады


​Трамп Сириядан АҚШ әскерін шығару туралы жарлыққа қол қойды - БАҚ

ERNUR.KZ. Америкалық әскерді Сириядан шығару туралы жарлыққа қол қойылды. Бұл туралы АҚШ Қорғаныс министрлігі хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.

Олардың мәліметінше, "Сирия мәселесі бойынша жарлыққа қол қойылған". Оның айтуынша, құжатта АҚШ әскерінің қашан шығатыны және шығу тәртібі жазылған, алайда нақты мәліметтерді ол атамаған. Реклама 12 Осыған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп террорлық ұйымдардың қалдықтарын сол өңірдегі мемлекеттер-ақ жоя алатынын, оның ішінде Түркия да барын айтқан еді.

"Сирияға қатысты, біз онда басында үш ай ғана болуды жоспарладық, бұл жеті жыл бұрынғы шара еді - біз әлі кетпедік. Мен президент болғанда, ДАИШ күшейіп тұрған еді, ал қазір бұл ұйым әлсіреп қалды. Сондықтан сол өңірдегі мемлекеттер, Түркияны қосқанда, террорлық ұйымнан қалдықтарды жоюға шамасы жетуі тиіс. Біз үйге қайтамыз", - деді Трамп Twitter желісіндегі парақшасында.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 14 желтоқсанда АҚШ президентімен телефон арқылы сөйлескеннен кейін Сириядағы әскери операцияларды кейінге шегеруді ұйғарған болатын. Ердоғанның айтуынша, телефонмен әңгімелесуден кейін АҚШ президенті Сириядан әскер шығару туралы шешім қабылдаған. 19 желтоқсанда Трамп Сирияның ДАИШ-ты жеңгенін мәлімдеді. Онда АҚШ-тың 2 мыңға жуық әскері болған. Кейінірек АҚ үй баспасөз қызметінің жетекшісі Сара Сандрес АҚШ-тың Сириядан әскер шығаратыны туралы, алайда бұл терроризмге қарсы күрес халықаралық коалициясын тоқтату шарасы еместігін түсіндірді.