​Трамп: Зеленский қақтығысты дереу тоқтата алады

0
110

18 тамызда Трамптың Владимир Зеленскиймен екіжақты кездесуі, сондай-ақ еуропалық көшбасшылармен көпжақты кездесуі жоспарланған.


​Трамп: Зеленский қақтығысты дереу тоқтата алады

Коллаж: Kazinform/ unsplash.com/ flickr.com

ERNUR.KZ. Дональд Трамп дүйсенбі күні Вашингтонда Владимир Зеленский және Еуропа көшбасшыларымен келіссөз алдында Украина көшбасшысы қаласа, қақтығысты «дереу» тоқтата алатынын мәлімдеді, деп жазады inform.kz.

Бұл туралы АҚШ президенті Truth Social әлеуметтік желісінде мәлімдеді. Трамп атап өткендей, егер Зеленский Қырым мен НАТО мүшелігінен бас тартса, қақтығысты дереу тоқтата алады.

— Украина президенті Зеленский қаласа, Ресеймен соғысты дереу тоқтата немесе күресті жалғастыра алады. Барлығы қалай басталғанын еске алыңыз. Обама берген Қырым (12 жыл бұрын бір оқ атпай) қайтарылмайды және Украина НАТО-ға кірмейді. Кейбір нәрселер ешқашан өзгермейді, — деп жазды Трамп Truth Social-да.
Еске сала кетсек, 18 тамызда Трамптың Владимир Зеленскиймен екіжақты кездесуі, сондай-ақ еуропалық көшбасшылармен көпжақты кездесуі жоспарланған.